16 жастағы Шерзат Полат қайтыс болған күні оның туысы Нұрғанат та пышақталған. Бұл туралы Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында айтылды. Анасы Гүлбара Бишимбиева Шерзатқа - Абзал, Нұрғанатқа - Равиль пышақ салғанын жеткізді. Оқиға орнында қыздардың болғанын, жедел-жәрдем, полиция шақырыңдар дегенде қарап тұрды,- деді. Сонымен қатар, Шерзаттың апасы Жұмабике Кадирова адвокаттардың сұрағына жауап берді. Ол сол күні Абзал Шынасылды көргенін әрі Шерзатқа бара жатқанда сол жігіт құлатқанын баяндады. Күдіктілер қылмыс жасауға дайындалып келгенін жеткізді. Ал Қаржаубай Нұрымов - Равиль Сәкиев, Абзал Шынасыл және Шыңғыс Белғожаев пен Азамат Тоқтаубаевтың қолынан пышақ көргенін, ұлы пышақталған соң, ұлын Нұрқияс Ілиясовтың мылтықпен ұрғанын айтты. Сонымен қатар, баласын көлікке отырғызғанда тамыр соғысы сезілгенін, ауруханаға бара жатқан жолда тіршілік белгісі байқалмағанын мәлімдеген. Сөзінің соңында әділетті шешім күтетінін, баласының қанын төккендер жауап беру керектігін айтты.