Астанада қылмыстары толық дәлелденбеген ерлі-зайыптылардың ісі қаралды

  • 89
  • 18.04.2025, 19:08

Астана қаласында 7 жылға сотталып кеткенімен, қылмыстары толық дәлелденбеген ерлі-зайыптылардың ісі бүгін аппеляциялық сотта қаралды. Сот бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ашық өтіп жатыр. 2021 жылы жеке кәсіпкерліктің бірінде есепші болған Мария Насриденова өз еркімен жұмыстан шығады. Бірақ арада бірнеше ай өткен соң, бұрыңғы басшысы құны 11 миллион теңгені құрайтын тауардың жетіспейтіндігін айтып, оның үстінен қылмыстық іс қозғайды. Кейін бұл көрсеткіш 70 миллион теңгеден асқан. Тіпті, қылмысқа күйеуінің қатысы бар деген айыппен ол да қамауға алынған. Олардың кішкентай екі баласы бар. Сотталушының қазір аяғы ауыр. Аталған іс Жоғары сотқа дейін жетті. Алайда дәлелдің аздығынан кері қайтарылған болатын. Ал қорғаушылар болса, алдыңғы сот істерінде тергеу жұмыстары дұрыс жүргізілмеген деген дәйектер келтірді. Сот шешімі дүйсенбі күні белгілі болады.