Қостанайда есірткі дүкені жойылды. Тінту барысында 30 келіден астам марихуана мен гашиш тәркіленді. Бұл туралы Қаржы мониторинг Агенттігі хабарлады. Телеграм арнасында саудалаған дүкеннің 23 мыңнан астам тұтынушы бар. Олар 100 млн теңгеден астам сомаға 5 мыңнан аса есірткі саудасы жасалған. Төлемдер қолма-қол ақшамен және криптовалюта арқылы қабылданған. Күдіктілер қылмыстық жолмен тапқан ақшаны дроптар арқылы заңдастырған. Тергеу жалғасып жатыр.
Салтанат Күшербаева, ҚР ҚМА басқарма басшысы:
- Есірткі тасымалы үшін күдіктілер қылмыстық табыстың есебінен 2 автокөлік пен мотоцикл сатып алып, оларды сенімді адамдарының аттарына тіркеген. Сот санкциясымен бұл көлік құралдарына тыйым салынды. Күдіктілер екі айға қамауға алынды.