Есірткі өткізді деген айыппен Қазақстанның үш азаматына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Олар 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Тергеу барысында сотталғандардың интернет-алаңы арқылы Қарағанды, Астана және Ақтөбе қалаларына аймақаралық есірткі жеткізуді ұйымдастырғаны анықталған. Ұйымдасқан қылмыстық топты тінту кезінде 4 келі «мефедрон», 14 грамм кокаин, одан бөлек ауған гашиші және кетамин сияқты есірткі тәркіленген.