Петропавл маңындағы саяжай учаскелерін су басты

  • 645
  • 23.04.2025, 18:36

Петропавлда Есіл көтеріліп, саяжайларды су басты. Қаладағы өзен арнасының бойында 7,5 мың үй бар. Сонымен қатар Прибрежный ауылына баратын жол жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды. Осыған байланысты тұрғындар арнайы техниканың көмегімен қатынайды. Қазір көктемгі тасқынның үшінші толқыны өтіп жатыр. Ал Сергеев су қоймасы шарықтау шегіне жетіп, төмендей бастады. Дегенмен қауіптің беті толық қайтқан жоқ. Бөгеттерді нығайтуға100-ге жуық әскери қызметкер жұмылдырылған.

Евгений Журавлёв, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы: 

- Полиция департаментімен бірге жергілікті халыққа алдын ала ескерту жұмыстарын жүргіздік. Саяжай тұрғындары уақытында қауіпсіз жерге көшірілді. Су басқан аумақтарда мамандар кезекшілік етіп жатыр.