Күдікке ілінген топтың ең үлкені 12-де. Бұзақылардың әрекеті камераға түсіп қалған.
Зардап шеккен баланың анасы бейнетүсірілімді полицияға жіберген. Айтуынша, жасөспірімдер ұлын алдымен кіреберісте, кейін футбол алаңында ұрған. Және ауладағы балаларға үнемі әлімжеттік көрсетеді, - дейді.
Павлодар облысының полиция департаменті оқиғаға қатысы барларды анықтап, істі сотқа жіберген. Жеткіншектердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Құралай Мұғалдинова, облыстық ПД Ақпараттық саясат бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
- Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді. Өз міндетін орындамағаны үшін ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға ұсыныс енгізілді. Балалардың бәрі есепке алынды.