Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қаскелең қаласында аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады. «Tоредо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары 2021-2023 жылдары рұқсатсыз, яғни лицензиясыз жұмыс істеген. Тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде жарнамалап, 100-ден астам азаматтан 972 млн теңге жинаған. Сот санкциясымен күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар. Қазір күдіктілер қамауда. Іс сотқа жіберілді.