Шерзат ісі: куәгерлерден жауап алынды

  • 39
  • 29.04.2025, 18:45

Талдықорғанда Шерзат ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін алғаш рет марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу барысындағы жауабын прокурор Дана Сәрсенбай оқыды. Шерзаттың ағасы оқиға кезінде екі әйел адамның бірі дүкен есігін сыртынан жауып тұрғанын, екіншісі көліктен күдіктілерге пышақ әкеліп бергенін жазған. Сонымен қатар ол мылтықты оқиға орнына әкелмегенін, өзіне қарай оқ атылып, кейіннен отты қаруды күдіктілердің қолынан көргенін жеткізіпті. Бұдан кейін Талғат Әшірбай мен Әділ Тілеубекұлы куәлік етті. Олар Нұрқанат Ғайыпбаевтың қолынан мылтық көргенін мәлімдеді. Жалпы бүгін оншақты куәгерден сұрақ-жауап алынды. Олардың арасында күдіктілердің таныстары, сыныптастары, айыпталушының бірін ұстаған патрульдік полиция қызметкерлері де бар. Сот отырысында кәмелет жасына толмағандардан алынған сұрақ-жауаптың бейнежазбасы көрсетілді.