Талдықорғанда өндірістік нысан өртеніп жатыр

  • 28
  • 30.04.2025, 18:42

Талдықорғанда өндірістік нысан өртеніп жатыр. Пластикті кәдеге жарату цехы кешкі бестен кете отқа оранған. Қызыл жалынды ауыздықтауға төтенше жағдай қызметкерлері мен апатты медициналық орталық мамандары жұмылдырылған. 13 техника тартылды. Жедел штаб құрылып, оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.