Ақмола облысының Қосшы қаласында жерасты газгольдері өртенді. От монша кешенінің аумағында тұтанған.
Өңірлік Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт 12 шаршы мерт аумақты шарпыған. Әзірге толық сөндірілген жоқ. Енді жедел штаб құрылмақ. Құзырлы органдар ахуалды бақылауда ұстап отырғандарын айтады.
Нұрлан Садыров, Қосшы қаласы әкімінің орынбасары:
- Айналасындағы көрші үй тұрғындары, балабақша эвакуацияланды. Жағдай бақылауда.