Қазақ-өзбек шекарасынан 1,5 мыңға жуық малды тасымалдау дерегі тіркелген

  • 34
  • 05.05.2025, 18:41

Түркістан облысының шекарашылары Өзбекстанға 250 ұсақ малды заңсыз өткізбек болғандарды ұстады. Қойдың құлағындағы белгіні тексеру кезінде біраз малдың Ақмола облысының қожалығына тиесілі екені анықталған. Қылмысқа қатысы бар күдіктілер іздестіріп жатыр. Биыл қазақ-өзбек шекарасынан 1,5 мыңға жуық ірі қара мен ұсақ малды тасымалдау дерегі тіркелген. Шекарашылар заңбұзушылықтың көбеюін көрші елде төрт-түлік бағасының күрт қымбаттауымен байланыстырады. 

Серік Ағабеков, ҚР ҰҚК шекара қызметі түркістан облысы бойынша департаменті бөлімінің маманы:

- Бұйрық, талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының аумағында малдардың жұқпалы ауруларының кең көлемде таралуы мүмкін екенін ескертеміз. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ұсталған тұлғаларға қатысты тиісті заңды шаралар жүргізілуде.