«Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Түркияда ұсталды.
2019 жылғы қыркүйекте Қазақстанның Бас прокуратурасы Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген.
Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдарының өкілдері оны Антальяда ұстады.
Биыл 9 мамырда Анталья қаласының соты Талғат Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады. Қазір ол қамауда. Еліміздің құзыретті органдары оны Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады. Бұған дейін Астана қаласының соты Талғат Арданды Қылмыстық Кодекстің 189-бабының 4-бөлігі және 361-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.