Астанадағы қоймалардың бірінде ірі өрт шықты

  • 37
  • 13.05.2025, 18:32

Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан қоймалардың бірінде өрт шығып, аумақ қоршауға алынды.

Тілсіз жаумен күреске 80-нен аса адамы бар жеке құрам мен 21 техника тартылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, үздіксіз сумен қамту ісі қолға алынды.

Оттың неден тұтанғаны және одан зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Себеп-салдары кейін анықталмақ. Өрт сөндру бөлімшелрінің шұғыл іс-қимылы арқасында оттың таралуына жол берілмеді.