Шерзат ісі: тағы бір күдікті берген жауабынан бас тартты

  • 160
  • 15.05.2025, 18:39

Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысында тағы бір күдікті берген жауабынан бас тартты. Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев Талғардағы тергеу барысында қысым көрсетіліп, күш қолданылғанын айтып, шағымданды. Ол тағылған айыппен ішінара келіспейтінін де алға тартты. Бүгінгі сот отырысында куәгерлер түсірген қайғылы жағдайдың видеосы көрсетілді. Онда жанұшыра жедел жәрдем шақыртуды сұраған адамның дауыстары естілді. Соған қарамастан, көшеде жатқан Шерзат пен Нұрқанатты Нұрбол Тоқтаубаевтың жүгіріп барып тепкені, өзге де сотталушылардың күш көрсетіп, мылтықпен ұрғаны естіледі. Ағасынан кейін інісі Азамат Тоқтаубаев куәлік етіп, сұрақтарға жауап берді. Процесс кезінде айыпталушылардың адвокаттары істі толығымен прокуратураға кері қайтарып, қайта тергеуді сұрады. Бұл өтінішті судья қанағаттандармады. Сондай-ақ сот төрағасы Ержан Жанұзақов қорғаушыларға үкім шыққанға дейін сот процесіне құқықтық баға бермеу керектігін ескертті.