Ақтауда екі жеткіншекті көлік қағып кетті

  • 214
  • 15.05.2025, 18:49

3 оқушы жаяу жүргінші жолағы арқылы жолдан өтпек болған. Алайда қатты жылдамдықпен келген автокөлік алдында келе жатқан екі баланы қағып өткен. 11 және 12 жастағы жасөспірімдер жедел ауруханаға жеткізілді. Бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, әлі есін жимаған. Екінші жасөспірімнің бет және кеуде сүйектері сынған. Оқыс оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жұлдызай Қалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

-Бір науқасқа ота жасалды. Өздігінен демала алмайды, жасанды желдету құрылғысына қосылған. Ал екінші науқас есін біледі, қазіргі таңда консервативті емін жалғастыруда.