Індеттің бетін ары қылсын. Дегенмен Солтүстік Қазақстан облысында 6-шы сынып оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды. Қазір бала білім алатын Новоишимское ауылындағы орта мектептің ұжымы мен оқушылар жаппай медициналық тексерістен өтіп жатыр.
Санитар мамандардың айтуынша, онымен қарым-қатынаста болған мыңнан аса адам бақылауға алынған. Тұрғылықты жері мен білім ордасында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілмек. Ал науқастың өзі облыстық диспенсерде жатыр. Ол бұған дейін де туберкулезбен ауырып, толық емделіп шыққан екен.
Айнагүл Сұрағанова, облыстық білім басқармасының басшысы:
- Бүгінгі күні барлық эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары жасалып жатыр. 6-сынып оқушылары бірден тексерістен өткізілді арнайы мамандар келіп. Бүгінгі күні сабақтар бір кабинетте өтіп жатыр. Жалпы барлық шаралар жасалған. Бүгінгі қашықтан оқытуға балаларды ауыстыру үшін негіз жоқ.