ШҚО-да «Қазселденқорғау» филиалының басшысы сотталды

  • 122
  • 28.05.2025, 18:34

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы сотталды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілі мәлімдеді. Оған Өскемен қалалық №2 сотының қаулысымен үкім шықты. 

Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

-  Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы  2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп  танылды.  Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.