Шерзат ісі: судья Е.Жанұзақовты істен шеттетуді сұрады

  • 127
  • 28.05.2025, 18:41

Шерзат Полаттың қазасына қатысты Талдықорғандағы сот процесінде сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұмат Әбенов судья Ержан Жанұзақовты шеттетуді сұрады. Ол бейнежазба сараптамасының сәйкес келмеуіне байланысты сарапшыны сотқа шақырту ұсынысының қанағаттандырылмауы себепті осындай өтініш жасағанын айтты. 

Алматы облысының  Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы Асқарбек Бейімбетов өтінішті негізсіз деп тапты.

Айта кетейік, сот отырысында Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақатына жасалған сараптама нәтижесі жарияланды. Тексеруді жүргізген Өмірбек Жолымбетов марқұмның оң жақ жамбасына үш рет, шамамен тереңдігі 05-1 см-ге дейін кескіш зат сұғылғанын анықтаған. Әрі миының шайқалғанын тіркеп, жеңіл дене жарақатын алғанын айтты.