Шерзаттың қазасына байланысты сот отырысында марқұмның туыстары сотталушылардан моральдық өтемақы талап етті. Арызды адвокат Мейірман Шекеев оқыды. Онда Шерзатты жерлеу рәсіміне кеткен шығын өтелу керектігі айтылған. Сонымен қатар «адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша айыпталған Абзал Шынасыл мен Равиль Сәкиевтен жәбір көргендердің әрқайсысына 100 млн теңгеден өндіріп алу талап етілген. Яғни жасөспірімнің әкесі Қаржаубай Нұрымовқа, анасы Гүлбара Бишимбиеваға, апасы Жұмабике Қадыроваға жеке-жеке аталған соманы төлеп беру керектігі жазылған. Сот төрағасы қабылдаған өтініште қалған айыпталушылар да қаржылық талап қойылып отыр. Оның жалпы сомасы 660 млн теңгеден асады.