Алматыдағы газ жарылысы: 76 жастағы ер адам қаза тапты

  • 188
  • 02.06.2025, 18:57

Алматыдағы Шапағат шағын ауданында бүгін таңертең газ жарылып, 76 жастағы ер адам қаза тапты. Сол маңдағы үйдің қоршауы мен көлік қирады. Оқиға орнында шұғыл штаб құрылып, республикалық жедел құтқару жасағы, кинологиялық қызмет жұмылдырылды. Газ бен электр жарығын беру уақытша тоқтатылды. Әзірге жарылыстың неден болғаны белгісіз. 

Дәулет Бекмұхамбетов, қалалық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы:

-Цоколь бетоннан жасалған, бірінші қабаты шпалдан жасалған екен. Сол жарылыстың себебінен толықтай үй қирады. Газ құбыры бәрі цокольный қабатта екен. Оның бәрі ашылған жоқ, ашылғаннан кейін барып белгілі болады.