Шерзат ісі: прокурор сотталушыларға ең қатаң жаза сұрады

  • 136
  • 02.06.2025, 18:47

«Шерзат Полатты өлтірді»,– деп айыпталған Абзал Шынасыл, 23 жылға бас бостандығынан айырылуы керек. Прокурор Дана Сәрсенбай судьядан басты сотталушыға осындай жаза беруді сұрады. «Ал «адам өлтіруге оқталды» деген Равиль Сәкиевке 20 жыл, бұзақылық бабы бойынша Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға сотталуы керек», деді. Қалған төрт адамға 7 жылдан, кәмелет жасына толмаған жасөспірімді 1,5 жылға бас бостандығынан айыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар ол куәгерлер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге жалған жауап бергені үшін, Арлан Қазыкенов пен Юлдаш Розыбакиев көліктегі әңгімені жасырғанына байланысты жеке сот қаулысын шығарып, Алматы облыстық ПД жолдау туралы өтініш жасады. Ал Дидар Қалиахметтің адвокаты жәбірленушілердің өзіне қылмыстық іс қозғау қажет десе, Дархан Әскентайдың адвокаты қорғауындағы азаматты ақтауды сұрады. Абзал Шынасылдың екі қорғаушысы да Шерзатты кімнің пышақтағаны анықталмағанын алға тартты. Жарыссөзге шығып, қорытынды пікірлерін білдіргендер, тағылған айыппен және жаза мерзімімен келіспеді.