Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысы аяқталды

  • 146
  • 03.06.2025, 18:36

Қоғамда резонанс тудырған Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысы аяқталды. Процеске қатысушылар соңғы пікірлерін білдірді. 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Қазанның 3-нен 4 күні Талғар ауданында болған қайғылы жағдайға қатысты 9 адам сотталып жатыр. Олар сот отырысындағы ең соңғы пікірін білдірді. Басты күдікті деп танылған Абзал Шынасыл «Шерзатты мен пышақтаған жоқпын», - деп кейінгі берген жауабын өзгерткен жоқ. Қалған айыпталушылар кінәсін ішінара мойындағанымен, толықтай келіспеді. Әрі жәбірленуші тараптан кешірім сұрап, қайғылы жағдайға өкінетінін жеткізді. Әрқайсысы өзінің отбасылық жағдайын алға тартып, сот төрағасы Ержан Жанұзақовтан жазаны жеңілдетуді сұрады.

Айта кетейік, кеше Прокурор Дана Сәрсенбай судьядан «адам өлтірді» деген айыппен Абзал Шынасылға 23 жыл және «адам өлтіруге оқталу» бойынша Равиль Сәкиевке 20 жыл, бұзақылық бабы бойынша Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға сотталуы керек, - деді. Қалған төрт адамға 7 жылдан, кәмелет жасына толмаған жасөспірімді 1,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Осымен 10 сәуірде басталған сот отырысы аяқталды. 

Енді маусымның 5 күні дүйім жұртты дүрліктірген атышулы іске қатысты сот үкімі шығарылатын болады.

Шыңғыс Қалиден