Ақтөбеде көпқабатты үйде болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір Абай даңғылындағы баспананың үш подъезді жабық. Тұрғындар жақындарының үйіне және студент жатақханасына орналастырылды. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары 6 пәтердің бүлінгендігін айтты. Дегенмен бұл оқыс оқиғаның алдын ала қорытындысы. Нақты шығын көлемі тиісті тергеу амалынан кейін мәлім болады. Естеріңізге сала кетейік, кеше кешкілік облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, өрт шыққан. Оқиға салдарынан бір адам қайтыс болды.
Евгений Овчарский, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
- Бұл оқиғаға қатысты ТЖД ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері қылмыстық іс аясында анықталады. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі газ-ауа қоспасының, яғни табиғи газдың жануынан болып отыр.