Астанада қоғамдық автобус апаты кезінде зардап шеккен 8 жастағы қыз баланың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер оның екі аяғын кесуге мәжбүр болған еді.
Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, қазір ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Қасында психолог мамандар мен анасы бар.
Еске салсақ, 2-ші маусым күні елордадағы Республика даңғылында жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанаға соғылып, салдарынан 15 адам ауруханаға жеткізілген еді. Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.