Аспандағы ерекше құбылыс: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

  • 68
  • 06.06.2025, 18:39

5-нен 6 маусымға қараған түні Қазақстанның бірнеше қаласында аспаннан ерекше құбылыс байқалды. Бұл ғарыш нысандарының Жер атмосферасына түсуімен байланысты.

Қытай мен Жапонияға тиесілі зымырандардың үдеткіш блоктары орбитадан шығып кеткен. Олардың бірі жапондық iSpace компаниясының Ай модулі. Ол қону кезінде сағатына 300 шақырым жылдамдықпен құлдилап, сәтсіздікке ұшырады. Кейін құрылғымен байланыс мүлде үзілген. Модуль 15 қаңтарда SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыранымен ұшырылып, 7 мамырда Ай орбитасына жеткен. Бұл жапон компаниясының Айға қонудағы екінші сәтсіздігі. Бұған дейін 2023 жылдың сәуірінде де осындай миссия іске аспаған еді.

Ал Қазақстанның Қорғаныс министрлігі берген мәліметке сәйкес, ел аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Мамандар: «Мұндай нысандар тығыз атмосфера қабаттарында жанып кетеді де, жерге жетпейді. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді.