Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан «Толқын» кен орнындағы №57-ші ұңғымада апаттық жағдай болды.
Ұңғымадан газ-су қоспасы бөлінгені анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына 10 техника, 32 қызметкер мен 1 ұшқышсыз ұшу аппаратын жұмылдырды. Жағдай үнемі бақылауда, - деп хабарлайды жауапты ведомство өкілдері.