Ақмола облысында Үкімет резервінен бөлінген 304 миллион теңгені жымқырған бір шенеунік пен екі кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты. Олар 2021 жылы Атбасардағы су тасқынынан зардап шеккендерге 200 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салуға бөлінген қомақты қаржыны қолды қылған. Салдарынан құрылыс тоқтап, аяқсыз қалды. Сот шешімімен шенеунік пен бір кәсіпкер 7,5 жылға, екінші кәсіпкер 8,5 жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ тергеу барысында ұрланған қаржыға алынған жылжымайтын мүлік пен банк шоттарында сақталған қаржы тәркіленді. Бұғатталған мүліктің жалпы құны 335 млн теңгеден асады.