Азаматтардың жеке деректерін сатумен айналысқан топ қолға түсті

  • 605
  • 09.06.2025, 18:51

Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатумен айналысқан топ қолға түсті. Олар мәліметтерді интернет желісі арқылы өткізіп отырған. Анықталғандай, ақпараттар мемлекеттік базалардан заңсыз алынған және телеграм арқылы таратылған. Кейбірі коллекторлық компанияларға да беріліпті. Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлескен әрекеті нәтижесінде 140-тан астам адам, оның ішінде компания иелері мен арна әкімшілері ұсталды. Бес күдікті қамауға алынды. Тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және басқа да электронды техника тәркіленді. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.