Петропавлда алты жасөспірім қыз өз қатарласын ұрып-соғып, ақша бопсалаған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба қызу талқыға түсіп жатыр. Оқиға былтыр тамыз айында болған. Бірақ жәбірленушінің анасы полицияға арызды биыл мамырда жазыпты. Тәртіп сақшылары күдіктілерді анықтап, тергеу жұмыстарын бастады. Заңға сәйкес бопсалау бабы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Гүлмира Сағитова, облыстық ПД тергеу басқармасының бөлім бастығы:
-Кәмелеттік жасқа толмаған қызға қатысты қорлау фактілер бойынша жан-жақта тексеру жүргізуде. 2024 жылғы 30 тамызда болған оқиғаға қатысты 6 қыз анықталды. Олардың ішінде екеуіне қатысты және олардың заңды өкілдеріне қатысты, 4 заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік материалдар жиналды.