Маңғыстауда кен орнынан ауаға метан газы тарады

  • 140
  • 10.06.2025, 18:32

Маңғыстау облысында «Толқын» кен орнындағы ұңғымадан газ атқылап, ауаға шектен тыс мөлшерде метан газы таралды.

Төтенше жағдай 9 маусымға қараған түні мамандар ұңғымаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болғанын айтқан едік. Оқиға орнына экологтар жедел барып, аумақта бақылау жүргізді. Атмосфералық ауаның құрамын тексеру нәтижесінде метанның шекті концентрациядан 50 есе артқаны белгілі болған. Қазір құзырлы органдар мәселенің мән-жайын анықтап жатыр. 

Қайсар Нәдірбек, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы: 

- Алдағы уақытта осы мекемеге жоспардан тыс тексеріс ашылады. Ол тексерісті тіркеу жөнінде прокуратура органдарына жолдану үстінде. Газдың шыққан көлемі керек болады. Ауаға қаншалықты зиян келтіргендігін анықтау керек. Содан кейін барып айыппұл көлемі көлемі анықталады.