Бейнеуді белгісіз жәндіктер жайлап алды

  • 61
  • 16.06.2025, 18:53

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылын белгісіз жәндіктер жайлап алды. Тұрғындар көшелер мен үйлерді қарақоңыз басып алғанын әлеуметтік желіге жарыса жариялап жатыр. Ал жергілікті әкімдік қызметкерлері бұл жәндіктің адамға еш зияны жоқ дейді. Климаттық жағдай әсер еткен табиғи құбылыс екенін айтып, жер үй ауласына дезинфекция жасайтын мекемеге хабарласу керектігін халыққа түсіндіріп әлек. Қарақоңыз ғылым тілінде «Тенебрионоид» деп аталады. Бұл тұқымдасқа қанатсыз жәндіктердің 15 мыңға жуық түрі жатады екен.

Рахымжан Шалбаев, Бейнеу ауданының әкімі:

-Аулаларын улап жатқан тұрғындар көп әрине. Қазір базарда қолжетімді бағада улардың түрі бар. Бір қорқыныштысы мұның тек қана улау барысында сақтық, санитарлық сақтық керек. Сақ болуды түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл қоңыздың ауыл шаруашылығына зияны жоқ болғаннан кейін оны улау бізде қаралмаған да, жоспарда да жоқ.