Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытына 850 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Зауыт атмосфераға зиянды қалдықтар шығарған. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында ауаға таралған ластаушы қалдықтардың көлемі 660 тоннадан асқан. Бұл белгіленген нормадан едәуір жоғары.
Мамандардың айтуынша, ауа сапасының нашарлауы өңірдегі ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Мұндай шаралар өндірістік кәсіпорындарды табиғат қорғау заңнамасын сақтауға міндеттеу мақсатында қабылданды.
Аталған зауыт айыппұлды мемлекетке толық төледі.