Маңғыстау облысының 12 құрылыс компаниясына заңсыз лицензия берілген

  • 128
  • 12.06.2025, 18:43

«Прокурорлық сүзгі» шарасы кезінде 2024 жылы құрылған 20 серіктестік тексерілген. Соның сегізінің ғана құжаты заң талаптарына сәйкес болған. Қалғандары бірдей өндірістік базаны көрсеткен. Кейбірі жер телімін рәсімдеуді аяқтамай жатып құрылысты бастап кеткен. Заң бұзғаны үшін әр компанияға 5 млн теңге айыппұл салынып, лицензиясы уақытша тоқтатылды. Тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Бегендік Мағжан, облыс прокуратурасының аға прокуроры:

-Логикалық тұрғыдан 1 өндірістік базада 100 жұмысшының жұмыс жасауы мүмкін еместігі анықталды. Яғни 12 мекеме бірдей өндіріс базаны қалай жалға алатыны күмән тудырды. Сонымен қатар инженерлік-техникалық қызметкерлер бір мезгілде бірнеше мекемеде жұмыс істеуі мүмкіндігін қарап отырып, осындай заң бұзушылықтар орын алды.