Алматыда құмаройын ұйымдастырған екі адам сотталды

  • 109
  • 12.06.2025, 18:42

Алматыда әлеуметтік желі арқылы құмаройын ұйымдастырған екі адам сотталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмаройындар өткізгені анықталды. Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Өкініштісі, құмаройынға негізінен жастар қызығушылық танытқан. Бұл әлеуметтік қауіпті үрдіс. Себебі ол адамды тез еліктіреді. Сөйтіп оңай олжаға батқысы келгендер оған тәуелді болып, бар ақшасынан айырылады.  

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

-Ойынға бір мезетте 12 адамға дейін тартылған. Қатысушылар ойынға қатысу үшін банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Біріне 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 ай түріндегі бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаға тартылды.