Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекеттік қызметтердің 90% электронды форматта көрсетіледі

  • 1
  • 19.11.2026, 18:32

Елімізде мемлекеттік қызметтің 90 пайызы электронды форматта көрсетіледі. Бүгінде азаматтар құжаттарды eGov порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ала алады. Қазақстан электрондық үкіметті дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте 193 елдің ішінде 24-орынға ие. Онлайн-қызметтер индексі бойынша әлемдегі үздік 10 елдің қатарына ендік.

Сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясының дерегінше, биылғы 10 айда eGov Business қосымшасы арқылы тұрғындарға 1 миллион 800 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қазір оны ай сайын 46 мыңнан астам адам пайдаланады.

Айта кетейік, тамыз айында іске қосылған eGov 3.0 платформасына алдағы уақытта мемлекеттік қызметтің тағы 176 түрін енгізу жоспарда бар.