Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Түркістандықтар елдегі мүмкіндіктер туралы айтты

  • 0
  • 19.11.2026, 18:25

Отансүйгіштік өз әлеуетіңді тиімді пайдаланып, мемлекеттің дамуына үлес қосу. «Мамандық игеріп, халқына пайдаңды тигізу», – дейді түркістандықтар. Бірі қаланың тазалығын сақтауға ат салысса, енді бірі кәсібін өркендетіп, жұмыс орындарын ашып отыр. Спорт, білім мен ғылым саласында жетістікке жеткендері бар. Олардың айтуынша, Қазақстан бүгінде мүмкіндіктер мекеніне айналып келеді.

Сауалнама:

– Біз тегін білім алып жатырмыз, ең бастысы. Сондай-ақ өте көптеген гранттар бөлінуде, шетелде оқуға түсуге болады. Сондай-ақ оқу бітіргеннен кейін өз мамандығымызбен жұмыс істеуге «Жатсар практикасы» бар, кәсіби көмек көрсетеді. Өте көптеген мүмкіндіктер үшін жақсы көремін.

– Соңғы 3 жылда болған көптеген экологиялық акцияларға қатыса бастадым. Жас болғандықтан ағаштар отырғыздым. Енді қазір қоқыс тұрмақ, өзіме іргелес аумақты да таза ұстауға тырысамын. Қазір байқасаңыздар, айналаның бәрі таза. Тек Отанымыз емес, осы қаламызда таза болды. Сол үшін күннен күнге еліме деген сүйіспеншілігім одан әрі артып келе жатыр. 

– Мен ата-ана ретінде балаларымның сапалы білім алып жатқаны үшін елімді жақсы көремін. Неге десеңіз, бала-шағамыз тегін білім алып жатыр. Шетелде ондай мүмкіндіктер жоқ. Көбінде барлығы ақылы түрде. Мұнда спортқа тегін үйірмелеріміз бар, робототехника сияқты дамыған, білім ошақтарында тамақ тегін беріліп жатыр.

– Мен «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алдым. Сол қаражатқа 5 миллион теңгеге қажетті аппарат сатып алып, кәсіпкерлік қолдаудың игілігін көріп, бүгінде өз кәсібімді дөңгелетіп отырмын. Кәсіпкерлерге осындай мүмкіндік қай елде бар? Бәлкім, мұндай қолдау елімізде ғана қарастырылған шығар. Осындай мүмкіндіктердің арқасында кәсібімді дамытып отырғаныма қуаныштымын. Сол үшін де өз елімді жақсы көремін!

– Мен шаруа ретінде өз елімді не үшін жақсы көремін? Себебі Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға барлық мүмкіндік қарастырылған. Жерді өңдеуден бастап, өнімді жинауға дейін шаруаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, жанармайға, тыңайтқыш пен тұқымға, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға жеңілдіктер бар. Сонымен қатар, жеңілдетілген несиелер ұсынылады. Ал тамшылатып суару технологиясын енгізген шаруаларға шығынның 85 пайызына дейін субсидия төленеді. Осындай қолдау шаралары шаруашылықты дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Мен елімді осы үшін жақсы көремін!