Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Павлодарда Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелерімен кездесу өтті

  • 0
  • 19.11.2026, 18:09

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Павлодар қаласында белсенді азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездесті.

Жиында өңірдегі білім сапасы, жас мамандарды қолдау және қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің жұмыс барысында кездесетін қиындықтары да назардан тыс қалмады. Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Кеңес төрағасы Ерлан Қошанов мұндай ашық талқылаулар азаматтардың үнін естуге, оларды толғандырған мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі ахуалмен танысу, тұрғындардың пікірін тыңдау және қоғамды алаңдатқан сұрақтарды зерделеу.