Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Алматы декларациясына 35 жыл: Алматыда халықаралық конференция өтті

  • 3
  • 19.11.2026, 18:24

Биыл Алматы декларациясының қабылданғанына 35 жыл. Осыған орай Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Араға бес күн салып 11 бұрынғы одақтас республика басшылары Алатау төрінде бас қосты. Осы кездесуде КСРО-ның ыдырағаны ресми түрде жарияланып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.

Декларация – Қазақстан Егемендігінің халықаралық деңгейде мойындалуына және бұрынғы КСРО елдерінің дербес мемлекет ретінде жаңа қарым-қатынас орнатуына жол ашты. Елдің сыртқы саяси және халықаралық-құқықтық ортадағы орнын бекітуге ықпал етті. Мемлекеттік егемендікті, теңдікті, аумақтық тұтастықты және қолданыстағы шекаралардың мызғымастығын құрметтеу, ішкі істерге араласпау және дауларды бейбіт жолмен реттеу қағидаттары бекітілді.

ТМД-ға мүше елдер бұдан былай да экономикалық байланысты нығайтуға мүдделі. Көлік-логистика және инвестициялық ынтымақтастыққа, энергетика мен цифрландыруға ерекше назар аударады. Оған Орталық Азия мемлекеттерінің су-энергетика, экология мен ғылым-білімнің дамуы кіреді.

Игорь Петришенко, ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары:

– Соңғы бес жылда өзара тауар айналымы 18 процентке өсті. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Экономикалық ынтымақтастықтың іргетасын одан әрі нығайту үшін болашаққа көз жүгіртіп, ұзақ мерзімді міндеттерді айқындау қажет.

Жандос Шаймарданов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:

– Осыдан тура 35 жыл бұрын дәл осы Достық үйінде 11 мемлекеттің басшысы декларацияға қол қойды. Әрбір мемлекет өз саясатын дербес айқындап, қалыптастыру құқығына ие. Дегенмен біз алдағы жоспарларымызды сәйкестендіріп, даму бағытын өзара үйлестіруіміз қажет.