Тайынша ауданындағы ірі өрт сөндірілді

  • 32
  • 26.06.2025, 18:41

Көлік жарылысы кезінде күйік шалған 8 адам Көкшетау қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Кеше кешке Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында газ тасымалдайтын көлік жарылған. Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Ақмола облысының құтқарушыларымен бірге шұғыл әрекет етті. Өрт ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша жанармай құю кезінде газ тасымалдайтын арнайы көліктен ақау шығып, салдарынан  аумақты жалын шарпыған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Гүлнәр Сайлау, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

-Науқастар Тайынша ауданындағы көпсалалы ауруханада жатыр. Олардың екеуі жан сақтау бөлімінде. Хәлі ауыр бірақ тұрақты деп бағаланып отыр. Ал үш адам амбулаторлық ем қабылдауға жіберілсе біреуі бөлімде қалды. Барлығының мойынын бетін күйік шалған. Тағы біреуі иығын шығарған. 

Әділ Спаен, облыстық ТЖД басқарма бастығының орынбасары:

-Ол жерде бір-бірімен құбыр арқылы байланысқан алты резервуар, цистерналар болған. Соның ең соңғысынан өрт шықты. Газ қабылдап жатқан жұмысшылар құбырды бекітіп, жаппай өрттің алдын алды. Ал бірінші бөшкедегісі жанып кетті.