Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді.
Ведомства басшысының айтуынша, бұл көрсеткіш комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарында толық пысықталған. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көлемі 2024 жылы 24 пайызға төмендеп, 372 млрд теңгеге жетті. Бюджетті игермегені және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізбегені үшін 73 лауазымды тұлға, оның ішінде 67 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.