Жамбыл облысында жер сілкінді

  • 39
  • 08.07.2025, 18:32

Магнитудасы 4,7 балдық жерасты дүмпуі сағат 14:29-да тіркелген.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, тербеліс Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 126 шақырымда болған. Ал бұл Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылының маңы. Мамандар тектоникалық тақталардың тербелісі 8 шақырым тереңдікте болғанын мәлімдеді.

Жергілікті тұрғындар үйдегі аспалы шамдардың шайқалғанын байқаған. Төтенше жағдайлар министрлігінің командалық орталығында жедел штаб құрылып, мониторинг жасалды. Топырақтың ірі зақымданулары, жарықтары мен шөгулері анықталмаған. Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарындағы республикалық маңызы бар жолдар тексерілді. Өңірдегі жағдай тұрақты.