Оқиға Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылында болған.
Бейбітшілік көшесіндегі станцияда цистернадан жанармай құйылып жатқан сәтте газ-ауа қоспасы тұтанып, от шыққан. Өрт сауда орталығы, дәріхана мен тұрғын үйге жайылған. 29 жастағы жүргізушінің 85-90 пайыз денесін күйік шалған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Жарылыстың нақты себебі анықталуда.