Экономиканың тамырына қан жүгіртетін негізгі салалардың тағы бірі – туризм. Қазақстан ішкі туризмді өркендетуге басымдық беріп келеді. Оған әлеуеті жеткілікті. «Елде демалу қалтамызға едәуір салмақ» деп талайдан айтылды, сыналды да. Бірақ соған қарамастан, сала кері кеткен жоқ. Нақты сандарға тоқталайын.
Соңғы жеті жылда ішкі туризмдегі өсім 63,8 пайызды құрады. Былтыр елімізде 10 миллионнан астам турист демалған. Бұл көрсеткіш биыл бірінші жартыжылдықта 4,77 миллион адамға жуықтады. Оның 4 миллионнан астамы – өзіміз, яғни отандық туристер. Жеті жылда бұл саладан түсетін салық түсімдері 160 миллиард теңгеден 630 миллиард теңгеге дейін өскен. Яғни бюджетке кіріс төрт есеге жуық артты.