Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

BI Group 2027 жылы дайын пәтер сатуды жоспарлап отыр

  • 0
  • 23.11.2026, 18:20

Тұрғын үй нарығындағы жаңалыққа тоқтала кетейік. BI Group тұрғын үй сапасы мен қызмет көрсету мәселелерін талқылау үшін клиенттермен тұрақты түрде кездеседі. Биыл компания төрт форум өткізді. Үшеуі Астанада, біреуі Алматыда. Келесі кездесу Шымкентте өтеді. Сонымен қатар компания 2027 жылы жиһаз бен тұрмыстық техникасы толық жабдықталған дайын пәтерлерді сатуды жоспарлап отыр.

Клиенттердің сұранысын ескеру, кері байланыс орнату және тұрғын үй сапасын үздіксіз жақсарту. BI Group осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып келеді. Өзекті мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдауда.

Серік Қасымов, BI Service компаниясының басқарма директоры:

-BI Group компаниясы өзінің тұнушыларымен, тұрғындарымен жыл сайын өткізеді. Бұл 10 жылдан бері өткізіліп келе жатқан форум ашық микрофон түрінде. Сұрақты қоя алады. Бұл форум арқылы біз салынатын үйлердің, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға тырысамыз.

Кездесу барысында тұрғындар үй сапасы, қауіпсіздік, тазалық және ортақ аумақтарды күтіп ұстау мәселелерін ортаға салды. Компания өкілдері құрылысқа енгізіліп жатқан жаңа технологиялар мен тұрғындардың жайлылығын арттыруға бағытталған шешімдерді таныстырды.

Садуахас Ырысдәулет, қала тұрғыны:

-BI Service-і бар. Тұру процесі бойынша сен әрдайым BI Group-пенсің. Кез келген уақытта өзіңнің сұрақтарыңды қойсаң болады. Барлығы ұнап жатыр. Бұл мүмкіндік ретінде қарау керек.

Назым Пангалиева, қала тұрғыны:

-Барлық мәселемізді, тұрғын үй кешенінің сапасына көңіл бөліп, біздің барлық сұранысымызды қамтамасыз етіп отырғандарына шексіз алғысымызды айтамыз.

Шара барысында бұған дейін пайдалануға берілген тұрғын үйлерге қызмет көрсету тәжірибесі талқыланып, алдағы жобаларда ескерілетін ұсыныстар сараланды. Мәселен, BI Group 2027 жылы дайын пәтерлерді толық жабдықталған күйде сатуды көздеп отыр. Яғни сатып алушылар баспанамен бірге жиһаз бен тұрмыстық техниканы да ала алады. Бұл қосымша шығын мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа бағыт.

Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Болатбек Табалдиев