Алматы облысында жол апаты екі есе көбейген

  • 83
  • 09.07.2025, 18:38

Жыл басынан бері 1447 рет жол-көлік апаты болып, 167 адам көз жұмды. Мыңнан астам адам жарақат алды.

Полицияның мәліметінше, жол апаты көбінде жылдамдықты арттыру,  қарсы бағытқа шығу және рөлде қалғып кету салдарынан болады.  Патрульдік полиция қызметкерлері «Алматы-Бішкек» республикалық тасжолында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді. Инспекторлар көліктерді тоқтатып, жүргізушіге ыстық кофе ұсынды. Профилактикалық іс-шараға медицина қызметкерлері де қатысты.  Олар жүргізуші өзін сергек сезіну үшін не істеу қажеттігін айтты. «Мұндай акциялар жолдағы қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді», - дейді ұйымдастырушылар.

Мұрат Қалиасқаров, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

- Құрметті жүргізушілер, менің айтарым жолға шықпас бұрын көліктеріңіздің техникалық жағдайын бөлек, өз денсаулықтарыңызға мән беріп, ұйқыңызды қандырып шығуды өтінеміз. Жол үстінде жылдамдықты асырмай, ұйқы қысқан кезде арнайы жерге тоқтап, ұйықтап алуға кеңес береміз. Сондықтан сіздің бір ғана әрекетіңіз өзіңіздің де, өзгенің де тағдырына әсер етеді.

Нұржан Алдақұлов, жүргізуші:

- Бұл өте жақсы. Негізі өте қолданатын шара екен. Өйткені көп адамдар әне жетемін, міне жетемін деп ұйықтап кетеді де, біреудің өміріне зияны келуі мүмкін. Қарсы жолаққа шығып кетіп деген сияқты. Өте дұрыс акция екен.