Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында көлік апаты болып, 6 адам зардап шекті.
Бұғана сүйегі мен аяғы сынған екі жолаушы өңірлік аурухананың травматология бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлер: "20 және 22 жастағы науқастардың жағдайы орташа ауыр", - дейді. Біріне шұғыл операция жасалған. Қалған 4 адам амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші Chevrole маркалы көлікті басқара алмай қалып, қарсы жолаққа өтіп кеткен. Сол бетімен алда келе жатқан жеңіл машинамен соқтығысқан.