Атырауда 13 бала хлордан уланды

  • 53
  • 14.07.2025, 18:35

Атырауда 13 бала бассейнге барып, хлордан уланды. Оның үшеуі қазір ауруханада, қалғаны үйіне жіберілген. Дәрігердің айтуынша, балалардың қазіргі жағдайы жақсы. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Ал жуырда ғана ашылған бассейннің рұқсатсыз жұмыс істегені белгілі болды.

Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлімдеді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқыс оқиғадан кейін өңірдегі ойын-сауық орындары, бассейндер тексеріледі.

Айгүл Ысқақова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Рұқсат құжатын алмаған. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ. Сондықтан осы барлық тұрғындарды, Атырау қаласының келген қонақтарды ескерткім келеді, балаларын осындай орындарға, ойын-сауық орынға апармас бұрын ол орынның рұқсат құжаты бар ма, заңды ашылған ба соны  білу  керек. 

Бауыржан Қадырғалиев, облыстық балалар ауруханасының бөлім  меңгерушісі:

- Баланың жалпы жағдайы жақсы, обход жүргізіп жатыр. Қазір де обход болады. Ең басында келген жағдайларда ата-анасының айтуы бойынша. хлор деді. Сол бойынша бала қаралды. Сразу келді. Одан кейін ішке жатқызылды. Әрі қарай сонымен қоса жағдайы бірқалыпты балалар да келді. Жаңағы бассейнде болған. Олар да толықтай қаралды. Толықтай қаралғаннан кейін толыққанды емі көрсетілді. Қазіргі таңда үйіне  жіберілді.