Құрылыс компаниясы Перизат Қайраттан ₸200 млн өндіріп беруді сұрады

  • 125
  • 16.07.2025, 18:33

Құрылыс компаниясы Перизат Қайраттан 200 млн теңге өндіріп беруді сұрады.

Қоғам белсендісіне қатысты сот отырысының үшінші күні. Оған 10-нан астам жәбірленуші қатысты. Олар 30 мың теңгеден бастап, 200 млн теңгеге дейін аударған қаржысын қайтаруды талап етті. 

Алқашқы болып темірбетон және бетон конструкцияларын өндірумен айналысатын компания өкілі сөйледі. Оның сөзінше, су тасқыны кезінде кәсіпорын «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық қорының есепшотына қомақты қаржы аударған. Алайда ақшаның қайда жұмсалғаны туралы ешқандай есеп болмапты.