Бес жыл бойы акционерлік қоғамның бұрынғы президенті мен лауазымды тұлғалар жалған сыйақылар мен шарттар жасап, еңбекақыны заңсыз көбейту арқылы 157 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтірген. Қаражат касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, әуежайға тиесілі көліктер төмен бағамен сенімді адамдарға сатылған.
Сот шешімімен күдіктілердің мүліктеріне тыйым салынды. Сонымен қатар олар қамауға алынды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- ҚМА ШҚО бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Өскемен әуежайы» АҚ басшылығына қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері бойынша тергеуді аяқтады. Сот санкциясымен күдіктілердің 126 млн теңге көлеміндегі мүлкіне (4 пәтер, жер учаскесі және 2 автокөлік) тыйым салынды.