Алматы халықаралық әуежайының қызметкерін кепілге алған 67 жастағы Машрапбек Баратовқа үкім шықты. Енді ол 11 жыл өмірін абақтыда өткізеді.
Машрапбек Баратов «кепілге алу», «қару қолдана отырып, бұзақылық жасау» және «терроризм туралы жалған хабар беру» баптары бойынша айыпты деп танылды. Сотталушы өз кінәсін мойындады және әуежай қызметкерінен кешірім сұрады.
Еске сала кетейік, оқиға биыл 7-ші наурызда Алматы халықаралық әуежайында болды. Машрапбек Баратов әуежай қызметкерін кепілге алып, пышақ кезеген еді. Сол сәтте Мұса Әбдірайым есімді азамат қызметкер қызды босатуды сұрап, өзін кепілге ұсынған. Артынша қаскөйді сөзге айналдырып тұрып, қолындағы пышағын тартып алған еді.